Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» басылымына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды. Басқарма басшысы 2023 және 2024 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстарының мемлекеттік мектептерде жүргізілген кешенді мониторингтік қорытындылары туралы айтып өтті. Баяндамадан кейін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім саласындағы кемшіліктерді тізіп өтіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы айтты. Қаралған мәселелер аясында бірқатар тапсырмалар берді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді іс-шаралар жоспарын қайта қарау ұсынылды.
Басқарма басшысы тарапынан білім беру ұйымдарындағы тәуекел тобындағы балаларға жеке психологиялық көмек көрсету, білім басқармасы жанынан жергілікті бюджет есебінен «Психологиялық қолдау орталығынын» ашуға ұсыныс енгізілді. Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған күзетпен қамту, мемлекеттік сатып алу шарттары кемінде 3 жыл мерзімге ұзарту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы аналогты бейнебақылау жүйелерін цифрлық бейнебақылау жүйелеріне жаңарту ұсынысы жоспарға енгізілді.

Пікір жазу