Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралары Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында өтуде. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді.
Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту жқмыстарын орындап, қоймалар мен парк бокстарында ағымдағы жөндеу жүргізеді.
— Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әскери қызметшілерді әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырылды, – деп түсіндірді, 35748 әскери бөлімі командирдің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары — бөлім бастығы подполковник Руслан Әлімбаев.
Жанар-жағармай материалдарының, құралдардың және қажетті қосалқы бөлшектердің барлық түрлері алдын ала алынды. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20 түріне дейін жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдықтары тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады.
Жұмыстарды сапалы орындауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрттен қорғауға ерекше назар аударылады. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жұмыстары қару-жарақ, әскери техника мен парктің дайындық деңгейін арнайы комиссия құрамында тексерумен аяқталады.