Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шымкент қаласының барлық аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда, оқу жылы барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасында арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, проректорлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.
Кезекті іс-шара «Авимед» колледжінде жалғасын тапты. Онда қатысушылар болашақ медицина мамандарына көрсетілген мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Сөз соңында студенттер аталған бастамаларды қолдайтындарын және алдағы уақытта оқуды аяқтаған соң осы бағытта бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.
© Didarbek.kz