«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті. Сенбілік барысында аудан халқы, еріктілер, жастар жол, көше бойларын күл- қоқыстан тазартып, арық-атыздарды, ирригациялық жүйелерді ағаш бұтақтарынан арылтты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке қатысушылар ағаштарды әктеп, қураған жарамсыз ағаштарды кесіп, саябақтар мен аллеялардың аумағында тазалық шараларын жүргізді.

Ауданның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, көркейту, көгалдандыру , абаттандыру бағытындағы іс- шаралар жалғасын табады.
© Didarbek.kz