Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың ауыр салдары түсіндірілді

Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың ауыр салдары түсіндірілді

Шымкент қаласында оқу жылының соңында студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертілді. Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті. Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері, «Жастар ресурстық орталығының» маманы қатысты.

Бұл жолы олар «Шымкент медресе колледжіне» барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді. Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.

Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Айта кетейік, ​Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен 26-маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні ретінде белгіленген.
Халықаралық күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды. Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге аударуға арналған.

 

Пікір жазу