Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРЫС ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН АЛДЫ

АРЫС ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН АЛДЫ

Алматыда дәстүрлі «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 11 человек, люди играют в баскетбол и текст
Оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқан сайысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан командалар қатысуда. Байрақты додада 14 пен 17 жас аралығындағы барлығы 750 жас патриот бақ сынайтын болады.
Биыл әскери-патриоттық жиын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. Шара барысында Мемлекет басшысының сайысқа қатысушы жастарға арналған хаты оқылды.
Возможно, это изображение 13 человек и толпа
Бәсі биік бәсекеде үнемі жүлдегерлер қатарында жүретін «Арыс» командасы биыл да сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Тек Арыстың ғана емес, күллі Түркістан облысының намысын қорғаған жастарымыз бірнеше әскери қолданбалы спорт түрінен нәтижелі орындар көрсетті.
Жиында «Айбын дарыны» зияткерлік байқауы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, АК-74-ті жартылай бөлшектеу, пневматикалық мылтықтан ату, 1 000 м, 3 000 м жүгіру, турникке тартылу, әскери эстафета, арқан тартыс бойынша тапсырмаларды орындады.
Нет описания фото.
Білікті ұстаздарымыз Молдабай Сүйіндіков пен Ербол Аймурзаев жетекшілік ететін айбынды жастарымызды кезекті Жеңіспен құттықтаймыз!
© Didarbek.kz

Пікір жазу