Облыс орталығында қазақ күресінен «Дала қырандары» жарысы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елішілік жарыста Шымкент, Астана, Алматы қалаларымен қатар, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 100-ге жуық спортшы бақ сынады.
Олар 6 салмақ дәрежесінде (60кг, 66кг, 72кг, 78кг, 84кг, 90кг, 90+) жүлделі орындарды сарапқа салды.
Керуен сарай кешенінің «Шоу Арена» стадионында өткен жарыстың ашылуына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысты.
Өз алғы сөзінде шаһар басшысы қазақ күресінің ұлттық құндылығымызды дәріптейтін бірегей спорт түрі екенін айтып, осы сынды республикалық жарыстардың жүйелі өткізілетінін жеткізді.
Келесі болып Ғаппар Амантайұлы құттықтау сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте
1 орын: Қызылорда облысы
2 орын: Шымкент қаласы
3 орын:Түркістан облысы
3 орын:Жамбыл облысы
© Didarbek.kz