Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбековтың төрағалығымен аудан аумағын көгалдандыру мәселесі бойынша жиын өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ол бойынша Түркістан облысынан арнайы келген қонақтар баяндама жасады. Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Данияр Сейітов хабарлады. Елді мекендерді көгалдандырудың дендрологилық картасы мен жоспарын жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ түрік университетінің ғылым докторы, профессор Бейбіт Сыздықов жүргізді.
Түркістан облысы бойынша елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарының электронды дендрологиялық картасын жасауды жүзеге асыру – міндет. Жиын барысында аудан аумағын көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке орау тәсілдері мен жолдары талқыланды. әкімдіктері отырғызылған ағаш көшеттерін суару және
Жасыл желекті күтіп баптау, белгілі ереже, тәртіппен суару, жеміс ағаштары зиянкестерден қорғау, шырша ағаштарының күтіміне қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп, тұқым бақтардың жұмысын дамытып, көшеттердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстары барысы талқыланды.
Жиын барысында облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы тарапынан әзірленетін электронды дендрологиялық жоспарға ағаш-бұталардың мәліметі енгізілетіні сөз болды. Ауылдық округ әкімдіктеріне көшеттерді өсіп өнуіне барынша күтіп баптауды, қоршауды тапсырылды.