«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.
Халықпен кездесулер азаматтармен ашық диалог құруға, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдауға және жедел шешуге, сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілеген халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатын іске асыруға мүмкіндік береді.
Төлеби ауданы халқының күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелері кездеседі. Тұрғындарының түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев жеке қабылдау өткізді.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында тұрғындар жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жерді рәсімдеу, мобильді интернет желісін жақсарту, ортақ жайылымдық жерге қатысты туындаған сұрақтарын қойды. Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Бәйдібек ауданының тұрғыны Н.Төребай аудандық Мәдениет үйінде жеке концерт өткізуді жоспарлағанын, халыққа рухани демалыс ұйымдастырып, әуезді ән кешін өткізу бойынша арнайы келгенін айтты. Аудан әкімі Төлеген Тұртайлы Мәдениет үйін, қажетті музыкалық аппаратуралармен қамтып, сахнаны реттеп, лед экранды қосып, қажетті көмек көрсетуді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына тапсырды.
Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Н.Мурзалиева елді мекеннің шегіне құрылысын жүргізген тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады. Аудан басшысы сала мамандарымен кеңесе отырып, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Шахта-Тоғыс елді мекенінің тұрғыны А.Караманова Ленгір қаласы аумағынан тұрғын үй құрылысы үшін 2007 жылы жер учаскелерін алғанын, құжатта оның жалға беру мерзімі көрсетілмегенін, кейбір құжатында аты-жөнінен қате кеткенін айтып, мамандардан шешу жолдары бойынша кеңес сұрады. Аудан әкімдігіне қарасты сала басшылары туындаған мәселені заң аясында шешу жолдарын талқылап, рәсімдеуге көмек беретінін айтты.
Шахта-Тоғыс елді мекенінен арнайы келген бір топ тұрғындар ұялы байланыс, мобильді интернетке қатысты туындаған сұрақтарын қойып, сала мамандарымен оның шешу жолдары мен мерзімін талқылады.
Ленгір қаласының тұрғыны Г.Байзақова «Қарақия» СТК –нан ортақ жайылымдық жер қорына арнайы қайтарылған 819 га жердің Қаулысына қосымша қаулы шығаруды сұранып, «Балмұздақ» ЖШС су қалдығы Бадам өзеніне құяды деп арызданып, «Ақбура» бұлағының бастауын қоршауды өтінді. Аудан әкімі аталған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру мақсатында сала басшыларымен кеңесе отырып, жауап берді.
Төлеген Тұртайұлы барлық өтініштерге заң аясында толыққанды жауап берді. Тұрғындарды қабылдау – халықпен байланысты тиімді ұйымдастырып, тұрғындар мәселесінің шешілуіне сеп болып отыр.