Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы өтуде.
“Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. Акция өтетін әр аптаға арнайы тақырып берілді.
Сәуір айының 6-13 күндері «Таза өлке» айдарымен аталды. Бұл аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сәуір айының 20 да дейінгі апта “Киелі мекен” атауын алды. Бұл күндер тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналды.
Акцияның 3-ші аптасы, яғн 27 сәуірге дейін “Жасыл аймақ” деп аталады. Бұл аптада ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу жұмыстары жүргізілді.
4-ші апта “Өнегелі ұрпақ” деп аталса, соңғы аптамыз “Мөлдір бұлақ” атауына ие болды. Акция аясында ардагерлердің ауласын тазалап, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ. Өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылады.
Экологиялық акция бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Тазалық – табалдырықтан басталады. Сондықтан, өңіріміздің тазалық шарасына бір кісідей ат салысайық!
Акция басталғаннан қазіргі кезге дейін өткен іс-шараларға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар, еріктілер белсенді атсалысуда.
Барша аудан тұрғындарын, әрбір азаматты өзінің үйінің ауласын және әрбір қызметкерлерді қызмет етіп отырған мекемесінің ауласын көгалдандыруға, көркейтуге, ағаш егуге, қоқыстан тазалауға шақырамын.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев