Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ЕГІЛІП, 13 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ЕГІЛІП, 13 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой тастауымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы облыс аумағында жалғасын тауып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудан әкімі Төлеген Телғараевпен бірге тазалық шарасын жүргізетін коммуналдық мекемелердің жұмысы мен арнайы техникалардың жай-күйін көрді.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев науқанның халық қолдауына ие болғанын, оның тұрақты түрде жалғасын табуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.
Одан бөлек, Қапал батыр көшесіндегі 5 қабатты 3 дана жаңадан құрылысы басталған тұрғын үй алаңына барды. Онда құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Бұл жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін баспаналары апатты жағдайдың алдында тұрған 125 отбасы және тұрғын үй кезегінде тұрған 31 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін барлық басқармалардың қызметкерлері де сенбілік шарасын жасап, белсенділік танытты. Бірінші Мамыр ауылдық округіне баратын жол бойындағы тал-теректерді әктеп, қураған ағаштарды шапты. Шөптерді орып, көшеттер екті.
Айта кетейік, акция басталған бір ай көлемінде 12 мыңнан астам көшет егіліп, 13 мыңға жуық ағаш әктелді. Жалпы 10 мыңға жуық адам игі іске жұмылдырылды.

Пікір жазу