Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығымен «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 10 шілде «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді.
Мерекеге орай, аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев сала мамандарына аудан әкімінің, облыстық басқарманың «Алғыс хатын» табыс етті. Жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында еңбек етіп жүрген мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаған Сержан Дауылбайұлы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне сәттілік тіледі.
«Ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын негізгі күн көрісі еткен қазақ халқына сала мамандарының қызметі күнделікті қажет. Қолдағы малың ауру болса оның дерті адамдарға жұқпай қоймайды. Сондықтан қолдағы барлық жануаралардың денсаулығын тексертіп, емдетіп, болуы мүмкін ауруларға қарсы ем-дом қолданудың ешқашан артығы болмайды. Әсіресе, біз сияқты малды көп өсіретін ауданда жануарлардың денсаулығын қадағалап, олардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын сала мамандарының еңбегі ерекше қажет, деді құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әуелете ән шырқап, ветеринария саласы мамандарына деген құрметін көрсетті.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деп айтып өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір жазу