Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін сапалы құрылыс материалдарын қолдана отырып, мерекелік іс-шараларға арналған акт залы, сахна толық жаңартылды. Қазіргі кезде екінші қабаттағы мамандар кабинеті, жеке қабылдау бөлмелері, конференц залдар әрленуде.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілу қажеттігін ескертті. Мердігер мекеме «Construction Group SAMRUK» ЖШС өкіліне Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы екенін айтып, ғимараттың құрылысы сапалы жүргізілуін талап етті.
Ғимаратта мәжіліс залы, 300 орындық акт залы, психологиялық, медициналық кеңес беру кабинеттері іске қосылып, аудан жастарын қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Пікір жазу