Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

Тау бөктерінде орналасқан шұрайлы табиғатымен танылған Төлеби ауданында тағы бір демалыс аймағы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Сәрсенов Сакен жеке қаражаты есебінен «Алтын балық» демалыс орнының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.
Киелтас ауылдық округі аумағында орналасқан құны 350 млн теңгені құрайтын демалыс орнында 4 коттедж 10 сәкі бар. Аумағы 1,6 гектар. Кәсіпкер бұған қоса, балық шаруашылығын дамытып, 0.5 гектар аумақта 10 тоннадан астам сазан балығын өсіруде.
Демалыс орнының ашылу салтанатына аудан ардагерлері, батагөй қариялар, ауыл халқы қатысып, абыз ақсақалдар батасын берді, лентасын қиды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. эко туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Айта кетерлігі, Төлеби ауданында туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2024 жылы инвестиция көлемін 1,8 млрд.тенгеге жеткізу жоспарлануда. Құны 220 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Олар: Біркөлік демалыс аймағынан жеке кәсіпкер «Рысбаев» құны 120 млн теңгелік демалыс орны; Біркөлік шатқалынан ЖК «С.Сақибаев» өз қаражаты есебінен құны 100 млн теңге болатын қонақ үй құрылысы.

Пікір жазу