Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда. Бүгін, аудандағы 1 қала, 12 ауылдық округте жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен еріктілер жалпы 1 мыңға жуық адам қатысты. Аудандағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы тазалық шарасы барысында қураған ағаштар жиналып, жол бойлары, көшелер қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, шөп, тікендер орылып, жасыл желектер әктеліп, суғарылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп өз қатысуымен экологиялық акцияға бастау берген болатын.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырды. Тазалық табалдырықтан басталатыны ескертіліп, жергілікті әкімдік мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғын үйлерге өз аулаларын қоқыстардан тазарту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ескертпе берілді.

Пікір жазу