Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: БИЫЛ ҚАРААҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

ТҮЛКІБАС: БИЫЛ ҚАРААҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Елімізде түрлі ұлттық жобалар аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жалпы елдің дамуында, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуында ұлттық жобалар шешуші рөл атқарады. Оларды жүзеге асыру мемлекет алдында тұрған түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге ықпал етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Дәл осындай жобалардың бірі 2021-2025 жылға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысы ұлттық жобаның тізбесін 2021 жылы 13 қазанда бекітті. Жалпы бұл жоба өңірлер мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамытуды, сонымен бірге инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ұлттық жобаның мақсаты – негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, жоба көліктік байланысты қамтамасыз етуге және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары. Соңғы жылдары әбден тозығы жеткен Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округіне қарасты ұзындығы 2 шақырымнан астам Қарағаашты ауылының орталық Әл-Фараби көшесі «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілмек.
Бұдан бөлек ағымдағы жылы Пушкин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстауға және жаңынан жауын-шашын сулары ағатын науалар(лоток) орнатуға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылмақ.
Аудан оталығына қарасты Береке көшесі бойындағы газ құбыры тартылмаған үйлерге құбыр тартып, көгілдір отын жеткізу жұмыстары мен қатар су тапшылығының алдын алу мақсатында қосымша су ұнғымасын қазу шаралары ағымдағы жылы атқарылады деп күтілуде.
Бұл тұралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов бүгінгі Майлыкент ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.
Екі сағатқа созылған жиынның басым бөлігі сұрақ-жауап форматында жалғасып, ол жерде тұрғындар газ, заңсыз құрылыс, электр жарығы, аяқ жол, көпір айналасын күшейту, заңсыз сауда, тұрғын-үй, жұмысқа орналасу сынды мәселелерге аудан әкімі және жауаптылар тарапынан қанағатырарлықтай жауап алды.
Кездесу барысы аудан басшысының жеке қабылдауына ұласып, ол жерде тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелеріне жауап алды.

Пікір жазу