Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы су нысандарын реттеу, тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Түлкібас ауданы аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суғармалы жерін қамтитын 13 су нысанын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
2020 жылы бастау алған бұл жұмыстар сол кездегі мердігердің салғырттығынан және қажетті құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан тоқтап қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, «АТК 777» құрылыс мекемесі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар басталды. 13 каналдың жалпы ұзындығы 123 шақырым болса, соның 77 шақырымы бетондалады. Қалғанына мех тазалау жүргізіледі.
«Қазсушар» мекемесінің аудандық филиалының өкілдерінің айтуынша, аудандағы шаруалардың ыңғайына қарай құрылыс жұмыстары егіндікті суғару маусымы яғни 10 мамырдан бастап қазан айының 1 дейін уақытша тоқтатылып, каналдарға толық су берілетін болады. Ол аралықта мердігер мекеме тарапынан қажеттілігіне қарай механикалық тазалық жұмыстары ғана жүргізілмек.

Пікір жазу