Аудан басшысы 2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Дербісек ауылдық округіндегі №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектебіне арнайы барып, ғимаратты аралап, құрылыс жүмыстарының сапасын саралады,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралау барысында ауыл ақсақалы аудан басшысына атқарылған жұмыстар үшін ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтып, ақ батасын берді.
Айта кетсек, күрделі жөндеуден өткен №22 Елшібек батыр атындағы мектеп ғимаратының электр жүйелерін жаңартылған. Сонымен қатар, аталған білім беру ордаларының есіктері, едендері, шатырлары, жылу жүйелері ауыстырылады. Әжетхана мен қоршаулар жаңарған. Ішкі және сыртқы әрлеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаев Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимовпен бірге Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан №20 Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебінің шеберхана ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы Арман Абдуллаев Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимов ауданның білім бөлімінің басшысы Д. Ақатовқа бірқатар сын-ескертпелер айта отырып, жөндеу жұмыстарын жіті бақылауға алуды тапсырды.
© Didarbek.kz