Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ОБЛЫСТЫҢ 7 НЫСАНЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ ӨТКІЗІЛМЕК

ОБЛЫСТЫҢ 7 НЫСАНЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ ӨТКІЗІЛМЕК

Қала тұрғындары Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін жақсы біледі. Ал бүгінгі таңға дейін қаладағы біраз нысандар Түркістан облысының меншігінде.
Осыған орай қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Екі жақты арнайы Жол картасы әзірленіп, қазіргі таңда бірінші кезең бойынша 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оның ішінде, Республика даңғылы 41/8-дегі білім басқармасының ғимараты, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, үш тілде оқытатын 500 орындық Маржан Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернаты коммуналдық-мемлекеттік мекемесі және Абай ауданындағы темір жол желісі бойынша шешімдер қабылданған.
Ал, Тәуке хан даңғылы, 6-шы үйдегі әкімшілік ғимаратын, Қазыбек би көшесі, 9-үйдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қаланың меншігіне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Келесі жылы Орталық саябақта орналасқан «Қоғамдық келісім» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің ғимараты қала балансына беріледі. Жергілікті мекемелерді өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қала бюджетіне түсетін шығынды азайып, үнемделген қаржы қаланы дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттар.

Пікір жазу