Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА ТІГІН ІСІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА ТІГІН ІСІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Түркістандық Ажар Бимурзаева 5 баланың анасы, ұлттық өнерді насихаттаумен қатар, кәсіпке айналдырып отырған шебер.
Жастайынан тігін өнеріне қызыққан жан бүгінде нәзік жандылардың көңілінен шығатын түрлі сөмкелер мен қыз жасауларын, сондай-ақ, балаларға арналған жұмсақ ойыншықтарды да дайындайды.
Өнер иесі сүйікті ісін кәсіпке айналдыру үшін қайтарымсыз грант конкурсына қатысып, бүгінде өз шеберханасын ашқан. Өзі сияқты тігін ісіне құмар жандарды баулып, жұмыспен қамтып отыр.
-Бала кезімнен қуыршақтарға киім тігуге қызығатынмын, кейіннен өзіме керекті сөмке, сырт киімдерімді қолдан дайындай бастадым. Тіккен киімдерім ортама ұнап, шабыт ала бастадым. Сосын сүйікті ісімді хобби ретінде ғана емес, кәсібіме айналдырғым келді. Ендігіде шағын шеберханамды үлкейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап жүрмін, -дейді тігінші.

Пікір жазу