Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПАРАСАТ САЯБАҒЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА 100 ДАНА АРША АҒАШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

ПАРАСАТ САЯБАҒЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА 100 ДАНА АРША АҒАШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Дана бабаларымыз «бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық-мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша, тал өсіріп, өзіңді қалдыр», – деп мұра еткендей, бүгін түркістандық ардагерлер “Парасат” саябағында жиналып, ағаш отырғызды. Енді мұнда бозаршалар тізілген аллея бар.
Шараға қалалық «Ардагерлер кеңесі» мүшелері мен жастар және өзге ұлт өкілдері қатысты.
Акцияна қолдауға келген азаматтар бірігіп, 100 дана арша ағашын егіп, түркістандықтарды акцияға белсене қатысуға шақырды.
Жалпы, арша ағашы туралы не білеміз?
Мамандардың мәлімдеуінше, арша бөлетін фитоноцидтер ауаны тазалайды. Жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Аршаны ел ішінде “денсаулық ағашы» деп те атайтын көрінеді.
Түркістан қаласында Сауран секторының тұрғындары “Таза Қазақстан” республикалық акциясынан қалыс қалмай бірігіп, сенбілікке шықты.
Азаматтар аулаларын тазалаумен шектелмей көшелерін қоқыстан тазартты. Аға буын өкілдері игі істің басынан табылып, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетті.
Тұрғындар “Бізге енді қоқыс тастамау акциясын өткізу керек” деген астарлы әзілімен жаңа бастама ұсынды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының қызметкерлері де белсене қатысып жатыр.
Қызметкерлер театр аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Арамшөптерден тазартып, ағаштарды әктеді. Сондай-ақ айналаны қоқыстардан тазартты. Күні кеше мәдениет майталманы Райымбек Сейтметов жерленген мазар айналасын ретке келтірді.
Акция барысында театр қызметкерлері Президент бастамасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында үлес қосуға әрқашан дайын екендігін көрсетті.
Түркістан қаласының сектор тұрғындары да республикалық акцияда белсенділік танытуда.
Бүгін Отырар секторының тұрғындары бірігіп, шағын ауданның көгалды аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Аулаларындағы ағаш түптерін қопсытып, әктеді. Сондай-ақ, тұрғын үй қасбеттірен жаңартып, қоқыстардан тазартты.
Акцияға қатысушылар эко-шараның тәрбилік маңызы зор екенін айтып, түркістандықтарды тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырды.
Түркістан қаласының сектор тұрғындар республикалық акцияда белсенділік танытуда.
Бүгін Отырар секторының тұрғындары бірігіп, шағын ауданның көгалды аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Аулаларындағы ағаш түптерін қопсытып, әктеді. Сондай-ақ, тұрғын үй қасбеттірен жаңартып, қоқыстардан тазартты.
Акцияға қатысушылар эко-шараның тәрбилік маңызы зор екенін айтып, түркістандықтарды тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырды.
Түркістан қалалық Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» эко- акциясына белсенді атсалысуда.
Мамандар бүгін «Жасыл аймақ» апталығында орталықтың ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш түптерін қопсытты. Көгалды аумақты реттеді. Сондай-ақ, келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін екті.
Орталық мамандары шара барысында осындай акциялардың жүйелі ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты аялауда эко- акцияның берері мол екенін жеткізді.
Республикалық экоакцияның «Жасыл аймақ» апталығында түркістандық әжелер де өз үлестерін қосты. Облыс орталығында орналасқан жаңа ботаникалық бақта қалалық Әжелер алқасының мүшелері тропикалық өсімдіктер мен гүлдерді отырғызды. Мамандар егілген гүлдердің ең кемі 200 жыл жайқалып тұратындығын жеткізді.
Акцияға қатысқан Әжелер алқасының мүшесі Рыс Ташметованың сөзінше, 6 сәуірде басталған акцияға түркістандықтар белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, шара барысында барша түркістандықтарды экоакцияға белсенді түрде қатысуға шақырды. Одан бөлек, қалада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түптері әктелуде.
Айта кетсек, өткен жылы қала аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.

Пікір жазу