Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кешкі лездемелік мәжілісте жұмыстардың атқарылуы сараланды

Кешкі лездемелік мәжілісте жұмыстардың атқарылуы сараланды

Кешкі лездемелік мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жоспарланған жұмыстардың атқарылу сатысын саралады.
2024-жылы облыс орталығында 94 көше орташа жөндеуден өтеді. Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған, топырақ жабындысы табиғи тапталу кезеңінен өткен көшелерге биыл асфальт төселеді. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков қазылған көшелерге тас төсеу барысы туралы да баяндады.
Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту мен абаттандыру нысандарының құрылысы өндірістік кестеге сай атқарылып келетінін жеткізді. Сондай-ақ, рәсімделу сатысындағы жобалау-сметалық құжаттарға тоқталды.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында атқарылған тірліктер туралы қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев есеп берді. “Жасыл аймақ” апталығының жоспарын ұсынып, жетекшілік ететін салаларына қатысты тапсырмалардың орындалуын баяндады.
Мәжіліс барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жауапты мамандарға ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жедел әрекетке көшіп жоюды тапсырды.

Пікір жазу