Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті.
Жиналыста тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы комиссияның жоспарлы жұмыстары бойынша атқарған жұмыстары талқыланды.
Сонымен бірге, халықаралык эксперт, БҰҰ (ООН) мүшесі Сағадат Сабитова қатысып, бала мен ана қатынасы бойынша баяндамасын жасады.
Одан бөлек, жиында күн тәртібіндегі бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтылып,
«Көмек» дағдарыс орталығының атқарған жұмыстары бойынша баяндалды.
Сондай-ақ. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жобалар, әйелдерге арналған жүктілікке дайындық және босанғаннан кейінгі күтім жасау бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу талқыланды.