Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАТУЛЫҚ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ!

ТАТУЛЫҚ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ!

Бүгін Түркістанда шаһардағы этнос өкілдері бас қосты. Алқалы жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және этномәдени орталық басшылары қатысты.
Игі шарада алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.
Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы бірлік күнінің маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларға жылы лебізін арнады.
Сондай-ақ, қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Райымжан Қошқаров этномәдени орталықтардың қоғамдағы бірлік пен тұтастықты ұстаудағы маңыздылығына тоқталды.
-Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Сол үшін қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі — береке» деп түйген, деді өз құттықтауында қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов.
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған жиын соңында этномәдени орталықтардағы атқарылған жұмыстар айтылды. Сонымен қатар, қала дамуына үлес қосқан этномәдени орталық мүшелеріне шаһар басшысының алғыс хаты табысталды.

Пікір жазу