Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КӨПҚАБАТТЫ 39 ҮЙДІҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨПҚАБАТТЫ 39 ҮЙДІҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков І-мөлтек аудан аумағын аралап, көпқабатты үйлердің тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ауыстыру бойынша берілген тапсырмасының орындалуын тексерді.
“Түркістан су” МКК директоры Ақниет Асылов қазіргі таңда бір үйдің құбыры жаңартылғанын жеткізді. Жалпы көпқабатты 39 үйде су құбырын ауыстыру көзделген. Қала басшысы қойылатын құбырлардың сапасына мән беруді тапсырды.
Шаһар басшысы сондай-ақ, кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілген Әл-Фараби көшесінің қазіргі жағдайын бақылады. Мұнда абоненттік жүйе де тартылып аяқталған. Қазылған аумақтар табиғи тапталу кезеңінен өтуде. Ифрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы ескертулер бойынша атқарылған тірліктердің есебін берді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы жол құрылысын жүргізу барысында суағар жүйесін ұмытпауды ескертті:
— Жол төсеу кезінде көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін деген барлық ықтималдар назарға алынуы қажет. Суағарды жүргізу — жолдың тарылуына алып келмесін, жаңа тәсілдер ұсыныңыздар, — деп жауапты бөлімге бірқатар тапсырма жүктеді.

Пікір жазу