Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАРТ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАРТ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Фараб» кітапханасының ұжымы Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданының тұрғыны Керімбаева Гүлсім апаның үйінде тазалық, сырлау-әктеу жұмыстарын атқарды.
Кітапханашылар Гүлсім апаға арнайы бір реттік материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен, химиялық тауарлармен қамтамасыз етті. Түркістандық 67 жастағы Гүлсім апа өз кезегінде кітапханашыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Мекеме директоры Жанат Сәдібекқызы алдағы уақытта Гүлсім апаға кітапхана тарапынан жүйелі түрде көмек көрсетіліп тұратындығын жеткізді. Ұйымшылдығы жарасқан «Фараб» кітапханасының ұжымы бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мұқтаж жанға көмек көрсетуге арнады.
Түркістан қаласының еріктілері мен жастары республикалық акцияға белсенді қатысуда. Эко-акция аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстарын жасап, тазалық жүргізді. Қажетсіз шөптерден тазартып, қоқыстарын жинады.
Акция барысында тазалық жұмыстарына қатысушылар Президент бастамасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатынын айтты.
Бүгін облыс орталығында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Жалпықалалық сенбілік республикалық «Таза Қазақстан» эко- акциясы аясында өткізілді.
Шара барысында 32 тонна қоқыс жиналып, 1000-ға жуық ағаш түбі қопсытылды. Сондай- ақ, 2 шақырым ирригациялық канал тазаланып, 460 дана ағаш, 12000 түп гүл көшеті егілді.
Одан бөлек, 15 шақырым жаяу жүргінші жолы, 4 демалыс аумағы тазаланды. 15 тұрғын үйдің қасбеті әктеліп, сырланып,
жарамсыз шөптері алынды.
Сенбілікке жалпы 300-ге жуық тұрғын атсалысып, 4 техника күші жұмылдырылды.

Пікір жазу