Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара Түркістан облысының Еңбек мобильді орталығының қолдауымен және Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған.
Екі қолға бір күрек іздеген азаматтар үшін 20-дан астам жұмыс беруші 200-ге жуық вакансия ұсынған. Тұрақты жұмысқа шақырғандар қатарында біршама белгілі жеке кәсіпорындармен қатар, алматылық компаниялар да бар.
«Мұнда азаматтар жастар практикасы, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс пен тұрақты жұмыстарға бағыт-бағдар алып, қажетін таба алады. Мұндай жұмыс жәрмеңкелері алдағы уақытта ұдайы ұйымдастырылатын болады»- дейді қалалық Мансап ортылығының директоры Нұрсұлтан Жүсіпбаев.

Пікір жазу