Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаевтың төрағалығымен қала әкімдігіне түскен хаттардың қаралуы бойынша дербес бөлімдер мен коммуналдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті.
Мәжілісте қала әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Мадина Байғұт 4 айдың қорытындысымен «E-otinish» ақпараттық жүйесіндегі жолданымдардың орындалу барысын баяндады.
Ал, Заң бөлімінің басшысы Сабыржан Садуақас Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің талаптарына тоқталып, арыз-шағымдардың орындалу заңдылықтарын кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мәжіліс төрағасы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңға сәйкес мерзімінде сапалы қарау әрбір мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті екендігін және «E-otinish» ақпараттық жүйесіндегі жолданымдардың орындалуы жоғары тұрған органдардың қатаң бақылауда екендігін баса айтты.