Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті.
Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету.
Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу сынды тақырыптарды игереді.
Жоба әйелдерге не береді?
Жоба әйелдердің жеке кәсіп бастауына және отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге шығуға мүмкіндік береді.
Жобаның жетекшісі Дара медиа холдинг басшысы Рухабза Халдарбек және Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева, Сымбат Жүзенқызы сынды белгілі тренерлер.