Бүгін Түркістан Халықаралық әуежайына арнайы жүк ұшағы келіп қонды. Алғашқы рейсін орындаған жүк ұшағы «Alpha Sky» ЖШС-на тиесілі. 30 тоннаға дейін жүк тасуға қауқарлы әуекомпанияның 3 жүк ұшағы бар. Бүгінде компания Гонконг, БАӘ, Қытай, Түркия мен Еуропа елдері бағытында ұшуды жоспарлап отыр.
Айта керейік, бұған дейін облыс орталығындағы әуежайға «Ыстамбұл-Түркістан» бағытындағы «Turkish Cargo» әуекомпаниясының ұшақтары да жұмысын бастаған болатын. Олар алғашқы сапарында 37 тонна жүкті Италияның Рим қаласынан тиеп, «Ыстамбұл-Түркістан», «Түркістан-Қытай» бағытына тасымалдаған болатын.