Түркістанда 44 240 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Биыл Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, Төле би, М.Абенова, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелеріндегі кабель желілерін салу құрылысы нәтижесінде қосымша 4520 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
Сондай-ақ Айбергенов көшесі, «Бірлік-2» аумағы және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту үшін тағы да жоба әзірленді. Аталған жұмыстарды 2024-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қосымша 6 500-ден аcтам абонент электр жүйесімен қамтылады. Бұл бастама қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 99 %-дан 99,5%-ға жеткізеді.
Шаһарда 48,1 шақырым электр желісі тартылып, 24 дана трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2024-жылға жоспарланған инвест бағдарламасының 70%-ы орындалды.