Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі — Ә.Жангельдин көшесінің құрылысы.
3800 м ұзындықты құрайтын нысанның құрылысы соңына таяп келеді. Онда екі қабаттан тұратын асфальт жабындысы төселіп, жол жиегінде суағар науалар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, көше жарықшамдарымен қамтамасыз етілуде.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысының барысын тексерді. Қазіргі таңда тасты жабындымен тұрған 300 метр аумағында құрылыс қарқын алды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы кәріз жүйесінің құбырлары төселген соң, бірінші кезекте жолдың асфальт жабындысын аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, жол қиылыстары көлік кептелісін туындатпауы қажеттігін ескертіп, жаяулар үшін қауіпсіз өткелдерді және көліктердің қауіпсіз қозғалысы үшін қиылыстарды ыңғайластыруды жүктеді.