Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияның біріккен отырысы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы және қалалық мәслихат депутаттары офлайн , ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн байланыста болды.
Тұрақты комиссиясының біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша өңірлік штабтың және Түркістан қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы;
Түркістан қаласы әкімдігінің « мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі.
Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтары қойылды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.