Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМАСЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/202-VI «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселесі қаралды
Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды

Пікір жазу