Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша Бекзат тұрғындар алқабында кездесу болды.
Кездесуге Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімі орынбасары Талгат Тулегенов және қалалық мәслихат депутаттары Жандос Арыстанов, Жанбота Тағайбаев және де дербес бөлім басшылары да қатысты.
Бекзат секторында №31 Абай мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алу жұмысы аяқталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Сондай-ақ, Балбөбек балабақшасыныңағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бекзат секторында 723 жер телімдеріаумағындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге «Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту» жобасы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Жобада табиғи газ, ауыз су, электр желісі, сарқынды су желісі қамтылған. Нысанды іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.
Бекзат секторы аумағында құрылысы 2023жылы бастау алған, 2 дана жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, тұрғындарға теміржол өткелі үстінен қауіпсіз және үздіксіз Шауғар, Сауран секторларына өтуіне мүмкіндік береді.
Жиын барысында тұрғындар көп уақыттан бері қордаланып келген өтініштері мен бұйымтайларын азаматтар қабылдау барысында айтты.
Өз кезегінде өтініш иелері сектор көлеміндегі әлеуметтік көмек, жер мен тұрғын үй мәселесін көтерді. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан абаттандыру мен қоқыс мәселелер көтеріліп, баяндалды.
Өтініштер легімен толық танысып шығып , мәселелері бойынша тиісті бөлім мамандарына ұсыныстар білдірілді, бірнеше өтініштер бойынша депутаттық сауалдар жолдайтындықтарын хабарлады.