Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша Отырар тұрғындар алқабында кездесу болды.
Кездесуге Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімі орынбасары Талгат Тулегенов және қалалық мәслихат депутаттары Жамила Төреханқызы, Абусейтов Бегахмет, Мади Аманжол және де дербес бөлім басшылары да қатысты.
Жиын барысында тұрғындар көп уақыттан бері қордаланып келген өтініштері мен бұйымтайларын азаматтар қабылдау барысында айтты.
Өз кезегінде өтініш иелері сектор -5 және 5А қоғамдық көлік жүретін жолдармен қиылысқан көшелерге, аты жоқ аллеяға камера қойылуы мен 19 мектеп пен Бөбек балабақшасы аралығына желілік саябақ салып беруін, сондай ақ аты жоқ көшелерге атауын беріп тақтайша орнату мәселелерін көтерді.
Өтініштер легімен толық танысып шыққан халық қалаулылары тұрғындар көтерген мәселелері бойынша тиісті бөлім мамандарына ұсыныстар білдіріп, бірнеше өтініштер бойынша депутаттық сауал жолдайтындықтарын хабарлады.