Облыстық білім басқармасының 23.04.2024 жылғы №25/2397 хаты негізінде Түркістан облысы білім басқармасының кәмелетке толмағандар арасында діни-экстремизм және терроризмнен алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасындағы тапсырманы және Қазығұрт аудандық терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының 24.04.2024 жылғы өткен хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында бөлімге қарасты мектеп басшылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерінің қатысуымен төмендегідей тақырыпта зум платформасында онлайн жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 30.03.2022 жылғы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Мектеп оқушылары арасындағы (7-11 сынып оқушылары) діни ахуалды бақылауды күшейту және «жұма» күнгі намазға деген белсенділігін айқындау шараларын жүргізу туралы.
Тұрмыстық зорлық-зомыбылықтың және кәмелет жасына толмағандарға жасалынатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте жүктілік, өз-өзіне зақымданған, аутодеструктивті мінез құлық, СӨСҚ бойынша түсіндіру және күресудегі іс-шараларды Қазығұрт ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдармен өзара мекемеаралық іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы
Баяндамашы: аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Орынбаев Бағдат Тұрғынбекұлы жоғарыда аталған үш өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды жан-жақты талқылады.
Бөлімге қарасты мектеп басшылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерінің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, түсіндірді.