Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазығұрт: Учаскелік полицейлер мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді

Қазығұрт: Учаскелік полицейлер мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді

Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектепте «Мектеп бітірушілерге тауға шығуға, таулы аймақтарға демалысқа шығуға және автокөліктер жалдап, бітіру кештерін жасауға болмайтыны жайлы алдын алу» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен жиын өтті.
Жиынға Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ЖПК учаскелік инспекторы Құралов Ержан, АПБ ЖПК учаскелік инспекторы Ақатаев Бекмурат, ДТІЖО Ғ. Үсенов және сынып жеткшілер мен 11 сынып оқушылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Мектеп бітірушілерге тауға шығуға, таулы аймақтарға саяхатқа шығуға жане автокөліктер жалдап, бітіру кештерін жасауға болмайтыны жайлы алдын алу», 2. Түнгі рейд жұмысы және мектепішілік тәртіп ережесінің орындалуы туралы мәселелер көтерілді.
Күн тәртібі бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Үсенов АПБ ЖПК учаскелік инспекторы Құралов Ержан, АПБ ЖПК учаскелік инспекторы Ақатаев Бекмурат қатысуымен болған жиналысты ашты. «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектебінде бітіруші 11 сынып оқушыларына АПБ ЖПК учаскелік инспекторы Құралов Ержан тауға шығуға,
таулы аймақтарға саяхатқа шығуға және автокөліктер жалдап, бітіру кештерін жасауга болмайтыны жайлы алдын -алу насихат жұмыстары жургізіліп жаткандыры туралы ескертулер жасау жұмыстары екендігін айтып өтті. Жиналыс барысында «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Үсенов сөз алып, жергілікті учаскелік инспекторы Құралов Ержанмен сөйлесе отырып, түнгі мезгілге мектепішілік кезекшілікпен бірге рейд жургізіліп отыратынын ескертті
Оқушыларға түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында сақ болуларын ескертті, ережелерін сақтауларын айтып өтті. Оқушылардың кешкі уакытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде қолдануға болмайтынын және түнгі рейдтердің әсіресе мереке күндері қатаң түрде болып жаткандығы ескерілді.
Полицейлердің ел тыныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, қандай да бір тәртіпсіздік, теріс қылық жасамауға кеңес берді. Ең бастысы әрбір ата-ана мен ұл-қыздары арасында тығыз байланыс болу керектігі түсіндірілді. Кез келген әке-шеше перзенттерінің араласатын ортасын білуі керектігі айтылды. Оған қоса, оқушыларға полиция бөлімінде орналасқан уақытша ұстау изоляторы көрсетілді. Мұндағы мақсат – құқық бұзып, заңға қайшы әрекеттер істеп, қылмыс жасаған азаматтардың қамауға алынатынын ұғындыру. Жасөспірімдерді барынша жаманнан жирендіру, жақсыға баулу болып табылады. Өз кезегінде ұлт болашағы жастардың тәрбиесіне алаңдаушылық танытқан полицейлерге, оқушылар мен тұрғындар алғыстарын білдірді. Өздерінің сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Полицейлер мен оқушылар, ата-аналар арасында ашық сұхбат өрбіді. Жалпы қазығұрттық тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстар үнемі өткізіліп тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар АПБ ЖПК учаскелік инспекторы полиция капитаны Е.Құралов жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың көбейіп бара жатқаны туралы, мұндай жағдай жасаған адамға әкімшілік тарапынан қолданылатын жаза түрлері таныстырып өтті. Сонымен бірге оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағанға байланысты, егер құқықбұзушылық орын алған жағдайда тәртіптік шара қолданылатын жаза түрлеріне қарай ата -аналарға жүктелетінін ескертіп айтты.
Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналардың назарына!
Білім беру ұйымдарында 2024 жылғы мектеп бітірушілерге арналған салтанатты шаралардың өткізілуіне орай, қазығұрттық полицейлер күшейтілген бағытта қызмет етеді. Қазығұрт аудандық ПД мектеп бітірушілер кеші кезінде жасөспірімдер мен оқушыларға құқық бұзушылықты болдырмай, тыныштық пен қауіпсіздікті қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Тәжірибе көрсеткендей, соңғы оқу жылында жас түлектердің қатысуымен мерекелік автокортеждерде жол-көлік ережелерін бұзу, тыйым салынған жерлерде суға түсу фактілері анықталып, соңы орны толмас қайғыға әкелген оқиғалар да орын алатын жағдайлар кездесіп жатады.
Құрметті ата-ана және жас түлек!
Арнайы автокортеждерді ұйымдастыру кезінде түлектер көлік терезесінен шығып, көше тыныштығын бұзған жағдайда, мейрамханалар мен өзге көңіл көтеру орындарында жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруі, алкогольдік және басқа да тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін, құқықбұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз!
Биылғы жылдың түлектері іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, рухани-адамгершілікпен өткізетініне сенім арта отырып, ата-аналар мен түлектерді қоғамдағы өзін-өзі ұстау және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауға шақырамыз!
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеміз.

Пікір жазу