Шымкентте жұмыссыздықты төмендету мақсатында азаматтарды еңбекпен қамту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласында 2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, 10 айдың қорытындысымен оған 45 860 адам (80,5%) қатысты. Ал, 2023 жылдың 10 айына дейін 56 379 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында әртүрлі жұмысқа тартылды.
Биыл Шымкентте 10 айдың қорытындысымен 8 511 отбасындағы 44 342 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қаламыздағы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отыр. Мәселен 2023 жылдың 10 айында 12 108 отбасындағы 61 605 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 теңге) көмекті есепті кезеңінде 7 608 отбасындағы 14 907 бала үшін төлініп жатыр.
Айта кететін бір жайт, көмектің бұл түрін алушы отбасы саны кеміген. Яғни, 2023 жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленіп, осы жылмен салыстырғанда 28 пайызға төмендеген.
2024 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 22,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.
2024 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17615 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,8% болып қалыптасты.
Бүгінде жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар да оң нәтижесін беруде. Биыл жоспар бойынша 30 207 жұмыспен қамту шараларына тарту мақсаты қойылып, оған 26 940 тұрғын қатысты.
Тарқатып айтқанда 3 741 адамның кәсіпкерлігін қолдау, субсидияланатын жұмыс орындарына 2024 жылдың 10 айында 6 898 адамға, 2023 жылдың 10 айында 8349 адамға, 2022 жылдың 8 айында 10 492 адам жолданды. 2024 жылдың 10 айында 12 982 адамды бос жұмыс орындарына орналасты және 3 319 адамға кәсіптік оқытуға жолдама берілді.
Сондай-ақ, 2024 жылы 26 482 адамды Шымкент қаласындағы жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында, қалада жүзеге асырылып жатқан концепциялар мен қаланың даму жоспары бойынша жүзеге асырылып отырған нысандарға жұмысқа орналастыру жоспары бекілсе, есепті кезеңде нақты 18 920 адам жұмысқа жолданған. Ал, бұл көрсеткіш 2013 жылы 57 181 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, өткен есепті кезеңнің 10 айында 56 379 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында әртүрлі жұмысқа тартылды.