Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ

ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Шымкент қаласында қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру ауқымды түрде жүргізілуде. Қала аумағындағы 443 магистралды көшені қардан тазалау жұмыстарында 5 мемлекеттік-жекешелік әріптестік серіктесі атсалысып, қысқа дайын 243 арнайы техника жұмылдырылды. Күн сайын қар тазалау жұмыстарына шамамен 2 мың адам қатысады. Аудандарға қарай 180–350 шақырым аралығындағы көшелерде 37–62 техника қызмет көрсетеді, бұл қысқы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение телевизор, отдел новостей и текст "КеГАЛДанДыРУ АГАШ ОтЫРГЫЗУ ЖУМЫСТАРЫ 2-900дана КОГАЛДАНДЫРУжИМЬСТАРЫ 500 шаршы метр кегалдандыру Mbsy 27 магистралдык кешелердин саны жалпы кешелердин кзППМАусьмдаотыЫРТьЗЫаТьн ΑТΥРЛΕΡΙ WK узЫндыГЫ 32 саны унгымалардын Дана 1 221 уару Жуйесин баскарудвын замана дероес контроллерпер Бойы: 2,5-3,5 метр EHi: 35-45 MM Жасы: 5-7 жЫл «ГУЖУМ" 66 66313 автоматтандырыгансуари тандырылган суару жуйепери Арыбеко 3 900 дана СБайтерен Бойы: 6-7 метр EHi: -60-70 MM Жасы: 9-11 жЫл "ШЫНАР» 2310 aHa БИДва -Ал Бойы: 5-6 метр EHi: 50 MM Жасы: 6-8 жыл"

Қаладағы қысқы материалдар қоры толық қалыптастырылған: 25 000 м³ құм және 15 000 тонна тұз сатып алынды. Сондай-ақ, қар шығару және уақытша сақтау орындары белгіленіп, инфрақұрылымдық дайындық толық қамтамасыз етілді.

Су арналары мен каналдарды абаттандыру және жаңғырту жұмыстары да белсенді жүргізілуде. «Қошқар-ата» жағалауы абаттандырылып, «Ақжар» су қоймасы жаңартылды. «Ақсай–Қарабастау» және «Кәусар» каналдарының құрылысы аяқталып, қосымша 268 шақырым канал механикалық тазалаудан өтіп жатыр. Сонымен қатар, «Бадам» өзенінің 9 шақырымы нығайтылып, 2025 жылы ең қауіпті 5,3 шақырымдық учаскені жаңарту жұмыстары басталды.

Возможно, это изображение отдел новостей

Қаланың микроклиматын жақсарту мақсатында «БМК» каналынан «Жаңа Шек» каналына тәулігіне 200–250 литр су жіберіліп, орталық көшелерді ылғалдандыру жүйесі іске қосылды. Жүйені кейін Кіші Самал мен Абай саябағы бағытында кеңейту жоспарлануда, бұл қала орталығындағы температура мен шаң-тозаң деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.

Шымкентте 86 субұрқақ жұмыс істейді, оның 41-і қалалық басқарманың балансына тіркелген. Биыл барлық субұрқақ жоспарға сай жұмыс істеп, қосымша 18 жаңа субұрқақ салынды. 2025 жылы олардың қызмет көрсетуіне 250 млн теңге бөлініп, сорғылар жаңартылды, бұл қаланың көркемдігін арттырып, тұрғындар үшін жайлы демалыс аймақтарын қамтамасыз етеді.

© Didarbek.kz

Пікір жазу