Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала концерт өтті

Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала концерт өтті

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын шымкенттіктер үлкен қуанышпен қарсы алды. Шілде айы келісімен үшінші қалада  мереке аясында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Қала көшелері мен саябақтар тақырыпқа сай безендірілді. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын мереке аясында өтетін түрлі бағдарламаларға қатысып, мерекені бірге тойлауға шақырды.

Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт ұйымдастырылды. Сахна керемет безендіріліп, мерекелік кештің шырайын ашып тұрды.

Гала концертте «Блок бастер» шоу-балеті, «Минута славы» жобасының жеңімпаздары мен жергілікті жұлдыздар өнер көрсетті. Өнерпаздар Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына көтеріңкі-көңіл күй сыйлады. Концертке жиналған көрерменнің қарасы қалың, мол жиналды.

Ал гала-концерттің қонақтары — Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым, «Джейран» тобы, «Алем бэнд» триосы шырқаған әндер жиналғандардың көңілінен шықты деуге болады. Олай дейтініміз, жасы мен үлкеніне қарамай көрермендер Қайрат Нұртас және Қуандық Рахыммен әуеззді әндерді бірге қосыла шырқады.

Осылайша мерекелік концертте қаланың өзге шығармашылық ұжымдары тұрғындарға ән мен жырдан шашу шашты. Кеш соңы отшашуға ұласты.

Пікір жазу