Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары.
Шымкент қаласының әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды.
Бұл лауазымға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Бауыржан Мамыталиев орналасты.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлы тағайындалды.
Бауыржан Жаймұрзынұлы МВА дәрежесіне ие, мамандығы — экономист және заңгер. Мемлекеттік органдарда, қаржы жүйесінде, ұлттық компания, ірі жекеменшік компанияларда жауапты қызметтерді атқарды. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ төраға орынбасары, төраға қызметтерін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Staier group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, «Baikadam-Holding» компаниясының бақылау кеңесі тобының мүшесі қызметтерін атқарды.
Құтты болсын! Шын жүректен құттықтаймыз! Қызметіне сәттілік тілейміз!..
Ел игілігіне еңбек ету бұйырсын!