Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Ж.ТҮЙМЕБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАТТАР ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАТТАР ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 19-20 сәуір күндері Оңтүстік Кореяда өткен Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Форум барысында аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін құрылған мүмкіндіктерді атап өтті. Сонымен қатар әрбір жобаны жеке өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қоса өңір экономикасы әртараптандырылғанын айтқан   əкім облыста 177 мыңнан астам бизнес субьектілері тіркелгенін мəлім етті. Сондай-ақ, облыста шетелдік инвесторлар үшін тиімді болатын Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтінін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бастап барған кәсіпкерлер мен даму институттарынан құралған делегаттар POSCO DAEWOO, HANWHA GROUP, HYUNDAI CORPORATION және LS Cable & System секілді Оңтүстік Кореяның трансұлттық компанияларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Кездесу барысында оңтүстікқазақстандық делегаттар корей инвесторларына өңірдің перспективті салаларын ұсынды. Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар өңірде жүзеге асатын жаңартылатын энергия көздері мен металлургия және цифрлық технологиялар, соның ішінде құрылыс саласындағы озық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Екі жақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өткен аймақ басшысы қазірдің өзінде Оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары жұмыс істеп жатқанын және әлеуетті инвесторларды жобаның іске асырылуына дейін қолдау білдіретін өңірлік даму институттарымен жұмысын жандандыруға шақырды.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның ірі кәсіпорындарының бірі болып табылатын HANWHA GROUP компаниясымен Сарыағаш ауданында курорттық аймақ құру бойынша және энергетика саласындағы перспективалық жобалар талқыланды. Сондай-ақ, энергетика саласын дамыту бойынша жобалар инфрақұрылымды электрмен жабдықтау және азық-түлік өндірісі үшін ресурстық базаны құру бойынша әлемдік тәжірибеге ие Кореяның POSCO DAEWOO корпорациясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар облыс әкімнің шақыртуын кабель өндіруші осы саладағы әлемдегі ең үздік технологияларға ие LS Cable & System компаниясы алды.

Форумның екінші күні облыс әкімі Ж.Түймебаев Сеул қаласының вице-мэрімен кездесті. Кездесу барысында тараптар қала құрылысы жобаларындағы заманауи инфрақұрылымдық шешімдер жайын сөз етті. Осы ретте облыс әкімі екі жақты әріптестікті талқылау мақсатында Сеул қаласының әкімін Оңтүстік Қазақстан облысына шақырды.

Пікір жазу