Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Тұлпардағы тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұлпардағы тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұлпар шағынауданында бой көтерген «Тұлпар» тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Жобаны «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «Ақмойнақ ССО» ЖШС құрылыс компаниясы «Коммерциялық тұрғын үй» шеңберінде іске асырып отыр.

Үшінші санаттағы көп қабатты үйдің 1 бөлмелі пәтері — 39, 2 бөлмелі пәтері — 54, 3 бөлмелісінің аумағы — 68 шаршы метр. Әр шаршы метрдің бағасы — 220 мың теңге. Бас мердігер «Эристайл Қазақстан» ЖШС компаниясы директорының орынбасары Тимур Момбектовтың айтуынша, құрылыс барысында отандық өнім пайдаланылған. Құрылыс сапасына 10 жылға кепілдік беріледі.

– Бүгін қала тұрғындарына 72 пәтер пайдалануға берілуде. Былтырдың өзінде 720 мың шаршы метр үйдің құрылысы аяқталған. 8000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Елбасы жариялаған «7-20-25» бағдарламасы бойынша несиенің мөлшерлемесі 14-18 пайыздан 7 пайызға түсіріп отыр. Бұл — жаңа жоспар. Жаңа бағдарлама, – деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, биыл өңірде 277 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 104 үй жеке құрылыс салушылар, ұлттық компаниялар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар есебінен салынуда. Сол 104 үйдің 30-ы биыл тапсырылады деп күтілуде. Құрылыстың барлығы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасындағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

Пікір жазу