Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент қаласының әкімі Жанат Тәжиеваның жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Шымкент қаласының әкімі Жанат Тәжиеваның жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Қалада жұлдызы жарқыраған Жанат республика деңгейінде жаңадан жанатын болды! Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қызметін босатып кеткен Жанат Арысбекқызы Тәжиева енді республикалық мекемеге басшылық жасамақ.

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке орналасқан Жанат Тәжиеваға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Бүгіннен бастап Жанат Тәжиева ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарады.
Өзінің бұрынғы әріптесін шығарып салған қала басшысы Жанат Арысбекқызының бұл орынға лайықты екенін айтып өтті.

Жанат Тәжиева конкурстан мүдірмей өткен. Жаңа қызметке ауысуына байланысты жұма күні өз еркімен бөлім басшысы қызметінен босатуды сұраған.

Жанат Арысбекқызы – тәжірибелі педагог, білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек еткен, сала үздігі. 8 жылдай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Біз де жаңа аптаны жаңа қызметпен бастағалы тұрған жалынды Жанатты шын жүректен құттықтаймыз!
Жұмысыңыздың жемісін көріңіз!

Пікір жазу