Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентің «Достық алақаны»

Шымкентің «Достық алақаны»

Шымкенттіктер Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ауқымды концертпен, жаппай серуенмен атап өтті. Бұған қоса қаланың басты алаңында «Достық» атты алып панно орнатылды.
Мерекелік іс-шара Əл-Фараби алаңынан басталды. Мұнда би марафоны ұйымдастырылып, қаланың үздік би ұжымдары көрермендерге Қазақстан аумағында тұратын халықтардың билерін паш етті.

Осылайша мамыр айының алғашқы күнін қала тұрғындары мен қонақтары достық пейілмен қарсы алды. Көпшілік мерекеге отбасымен жəне достарымен бірге келген. Мейрамға жиналған халық алып «Достық алақаны» панносын құруға атсалысты. Тұрғындардың барлығы өз алақанының ізін қалдырып, панно жанында естелік фотоға түсіп жатты.


Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та алып панноға алақанының ізін қалдырды.

Акция адамдарды бір-біріне жақындата түсті. Бұл түрлі этнос өкілдерінің ашық аспан астында бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруінің бір көрінісі.

Айтпақшы, биылғы ісшара #ашык ел атауымен өткізілді.

Ал қала тұрғындары мен қонақтарын кешкі сағат 19:00-де Әл-Фараби алаңында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт күтуде. Қапы қалмаңыздар!

Пікір жазу