Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -1

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -1

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері алдымен аудан орталығында бой көтеріп жатқан жалпы сметалық құны 359,6 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан кешенде дзюдо, самбо, Қазақ күресінің кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаңдары болады.

БАҚ өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында құрылыс жұмыстары басталған 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің құрылысымен танысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай жұмыстардың куәсі болды.Аталған тұрғын үйдің құрылысына 2018 жылы облыстық бюджет есебінен 200,0 миллион теңге қарастырылып, қазіргі таңда «ТБК Group Compani» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Шәуілдір ауылында бой көтеретін тұрғын үйдің жалпы құны  311,6 млн. теңге болып бекітілген. Жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы 2019 жылға өтпелі.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу