Сондай-ақ, елдімекендерге табиғи газ тарту үшін жүргілізіп отырған құрылыс жұмыстары да отырарлықтардың көз қуанышына айналып отыр. Себебі, тарихта алғаш рет аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Мамандардың сөзінше, Шәуілдір, Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теңге қаржы қаралған.
Отырар ауданын табиғи газбен қамту бойынша 2014-2016 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 4 миллиард 181 миллион теңге қаржыға 51,4 шақырым магистралдық газ құбырын жүргізу және АГТС құрылысын салу жұмыстары жоспарланып, 2017 жылы жұмыстар толық атқарылған.
Аудан көлеміндегі бір-біріне тығыз және аудан орталығы Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елді мекенге газ жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындауға бюджеттен қаржы бөлініп, оның ішінде Шәуілдір және Темір ауылдарының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Егер жоба толығымен іске асса, аудан халқының 71 пайызы көгілдір отынмен қамтылатын болады.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы