Мұнан соң тілшілер «Жанға шипа» медициналық орталығын аралады. Отырарлық кәсіпкер Құтымхан Төлемісовтің иелігіндегі «Жанға шипа» медициналық орталығы дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Онда 15 адам жұмыспен қатылған.
Бұған дейін Шымкент немесе Түркістан қаласына сабылатын науқастар енді өз ауылымызда да емделе беруге мүмкіндік туды деп қуанып отыр. Әсіресе, қызмет құнының қалтаға қонымдылығы көңіл қуантады дейді.
Тарих пен шежіреге бай Отырар ауданына қызығушылық танытып келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. «Отырар төбе» қалашығы мен «Арыстанбаб» кесенесі аралығындағы жол бойына салынатын құрылыс нысандары мен абаттандыру жұмыстарының жобасын көріп, одан әрі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне ат басын бұрдық. Музейдің көрме залы заманауи үлгіде қайта жабдықталып, жаңа жәдігерлермен толықтырылған. Отырар ауданының әкімі пресс-турға қатысып, тілшілерге ауданның тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен мағлұмат берді.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы