Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы жеңіс» мерекелік іс-шарасы өтті.
Салтанатты жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары С.Үркімбаев барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.


Шара барысында Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының ұстаздары мен оқушылары тарих үшін маңызы зор айтулы күнге орай әзірлеген театрландырылған көрініспен көрерменге патриоттық сезім сыйласа, Отан мен туған жерді, бейбіт өмір мен тыныштықты әсем әндер арқылы жеткізген жас дарындар мың бұрала би де билеп концерттік бағдарлама арқылы мереке даңқын асқақтатты.


Шараның мақсаты — өскелең ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, қорық-мұражай жөнінде де мол мағлұматтар бере отырып, артына тәлімді, рухани із қалдырған ұлы тұлғалар мен батырлар есімін ардақтауға үлес қосу болып табылады.
Мерекелік жиын соңында өнер көрсеткен ұстаздар мен оқушыларға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі атынан алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдениқорық-музейінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу